Мазмұнға өту

Shaqyram · Қазақстандағы онлайн шақыру

Сүндет тойға шақыру

Ұлыңыздың сүндет тойына туыстар мен достарды бір сілтемемен шақырыңыз. Бала есімін, отбасының тілегін және мереке өтетін орынды дайын үлгіге қосыңыз.

Телефоннан жасауға болады · Қонаққа бір сілтеме

Сүндет тойға шақыру — дизайн үлгісі

Сүндет той шақыруына қажетті мәліметтер

Қонақтар шақырудан қай баланың мерекесі екенін және тойды кім ұйымдастыратынын түсінуі керек. Бірнеше баланың тойы бірге өтсе, олардың есімдерін шақыру мәтінінде атап көрсетіңіз. Қонақтардың санын алдын ала білу үшін жауап беру формасын қолданыңыз.

Шақыру мәтінінің үлгісі

Құрметті ағайын-туыс, дос-жаран! Сіздерді ұлымыз [есім] сүндет тойына шақырамыз. Қуанышымызға ортақ болып, балаға ақ баталарыңызды беріңіздер! Күні: [күн, ай, жыл], сағат [уақыт]. Өтетін орны: [мейрамхана, мекенжай]. Той иелері: [есімдер].

Баланың есімі мен той иелерін бірінші оқылатын мәтінге жазыңыз. Жариялаудан бұрын мейрамхана мекенжайын тексеріп, шақыруды бір жақыныңызға ашып көрсетіңіз.

Үлгіден дайын сілтемеге дейін

  1. Каталогтан дизайнды таңдаңыз.
  2. Аккаунтқа кіріп, мереке мәліметтерін енгізіңіз.
  3. Алдын ала қарап, шақыруды сақтаңыз.
  4. Сатып алғаннан кейін шақыруды жариялап, сілтемені қонақтарға жіберіңіз.
Шақыру үлгісін таңдау →

Шақыру қанша тұрады?

Бір шақыруға арналған стандартты үлгі — 4 900 ₸, VIP — 7 900 ₸. Арнайы тапсырыс — 15 000 ₸; мәліметтер менеджермен келісіледі.

Үлгілер мен бағаларды көру →

Шақыру туралы сұрақтар

Балаға арналған үлгілер бар ма?

Иә. Каталогтағы «Сүндет той» санатынан осы мерекеге арналған дизайндарды таңдаңыз.

Отбасының атынан шақыруға бола ма?

Иә. Еркін шақыру мәтініне ата-аналардың, ата-әженің немесе отбасының атын жаза аласыз.

Сілтемені жібергеннен кейін мәтінді өзгерте аламын ба?

Иә. Жеке кабинетте шақыруды өңдеп, өзгерістерді сақтаңыз. Қонақтар сол сілтемеден жаңартылған шақыруды ашады.

Мерекеңізге арналған шақырулар

Шақыру мәтіні және жіберу жолы